Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыт жұмыс істеп жатыр – Цой
28 Шілде 2021, 17:51 566

Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыт жұмыс істеп жатыр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жамбылдағы қазақстандық вакцинаны өндіретін зауыт іске қосылып, жұмыс істеп жатыр. Оған GMP сертификаты берілді. Зауытта қазір өндірістік жұмыстар басталды. «QazVac» қазақстандық вакцинасының алғашқы 600 мың дозасы өндірілді, - деді Цой. 
Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігі қазақстандық вакцинаның 25 мың дозасы Қырғызстанға жіберілгенін хабарлады.
Осыған дейінгі брифингтерде де Жамбылдағы зауыттың іске қосылғаны айтылған еді, - деді Цой. 
Айта кетейік, кәсіпорында айына QazVac вакцинасының 2 млн дозасын шығару көзделген.


Фото: дереккөз
Загрузка...