Жамбыл облысында тексеру кезінде қару-жарақ табылды

8 Қаңтар 2022, 20:55
6405
Бөлісу:
Жамбыл облысында тексеру кезінде қару-жарақ табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында күштік құрылымдар жүргізген операция барысында ірі көлемде қару-жарақ табылды. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

14 дана Калашников автоматы, 1 дана Драгунов снайперлік винтовкасы, 15 карабин, 8 патрон мен граната тәркіленді. 

Қаскөйлер бұл қару-жарақты Жамбыл облысының аумағында террористік шабуыл мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қолдануды көздеген. Тінту кезінде доллар мен қырғыз сомы да шықты. Басқыншылар бұл ақшаны митингке қатысатын студенттерге төлемекші болған. 

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдарға алкоголь мен есірткі берілген. 

Облыс бойынша 139 адам ұсталды, 29 блок бекет қойылды.

Өзгелердің жаңалығы