Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды

10 Қазан 2021, 11:13
2307
Бөлісу:
Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін 10 қазанда сағат 7:20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенген. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болған. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған.  Аудандағы ахуал тұрақты. Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Одан  бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта  26 тамызында өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.
Өзгелердің жаңалығы