Синтетикалық есірткі сақтаған азамат ұсталды

23 Қаңтар 2020, 09:38
1949
Бөлісу:
Синтетикалық есірткі сақтаған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының 20 жастағы азаматы құрықталды.

 Күдіктіден ерекше иісі бар қызыл түсті ұнтақ тәрізді зат табылды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған зат жалпы салмағы 4 грамнан астам синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды, - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза көзделгенін ескертеді.


   

Өзгелердің жаңалығы