Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» ашылды
26 Сәуiр 2019, 16:27 609

Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» ашылды

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» өз жұмысын бастады. Шу ауданындағы Шу қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында ашылған орталық «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, «Сервистік әкімдік» тұрғындардың уақыттарын үнемдеуге, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасауды, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды халық арасында кеңінен насихаттауды мақсат етеді.

Сонымен қатар, тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сапалы кеңестер беруге және «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Орталық арқылы Шу қаласының тұрғындары сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің және коммуналдық қызметтерді (су, жарық бойынша) ала алады», - дейді мамандар.

«Сервистік әкімдіктің» қызметкерлері қабырғасы әйнекпен бөлінген кабинеттерде отырады. Жергілікті тұрғындар олардың жұмыс барысындағы әрбір әрекетін анық көре алады. Осы арқылы ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық