Жамбыл облысында салықтық рақымшылық сомасы 1 млрд теңгеден асты

7 Тамыз 2019, 08:30
1237
Бөлісу:
Жамбыл облысында салықтық рақымшылық сомасы 1 млрд теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында салықтық рақымшылық жасау аясында 3636 салық төлеуші бойынша 1727,8 млн теңгені құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады. 

2019 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша салық төлеушілердің төленген 86,9 млн. теңге берешек сомасының 9,2 млн теңге айыппұлы есептен шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметімен 2019 жылдың 09 шілдесінде Жол картасы бекітілген. Жол картасының шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарымен әрбір азамат ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұл сомаларын өтеу бойынша жүргізілетін кампаниясын пайдалану үшін салықтық рақымшылық жүргізудің ережелері бойынша жалпы-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен, 01.01.2019 ж. жағдайға облыс көлемінде 116 456 жеке тұлғалардың 1 201,5 млн теңге салықтық берешегі бар. Оның ішінде:                                                                                                                                    - салық – 844,3 млн теңге 88 828 СТ бойынша;                                                                                                          - өсімпұл – 357,1 млн теңге по 110 370 СТ бойынша.

Салық берешегінің ең жоғары үлесі - 82,1% көлік құралдары салығына тиесілі (985,8 млн теңге). Мүлік салығы бойынша - 11,2% (134,7 млн теңге), жер салығы бойынша – 2,3% (28,1 млн теңге).

Айта кетейік, рақымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі салық қарызын төлеген жағдайда, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады.



Өзгелердің жаңалығы