Жамбыл облысында жаттығу алаңдары қолданысқа берілді

20 Маусым 2021, 15:15
1307
Бөлісу:
Жамбыл облысында жаттығу алаңдары қолданысқа берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Сарысу ауданында шағын футбол алаңдары қолданысқа берілді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жалпы жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында Жаңатас қаласында 52 спорт нысаны қолжетімді. 2020 жылы 3 шағын ауданнан заманауи Street Workout (стрит воркаут) құрылғысы орнатылған болатын. Биыл әр шағын ауданнан 20 жаздық жаттығу құрылғыларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда 10 жаздық жаттығу құрылғысы қолданысқа берілді. 

Сонымен қатар 6 кіші футбол алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4-ші және 6-шы шағын аудандарындағы кіші футбол алаңшалары жастардың игілігіне берілді.  Бұл өз кезегінде жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек.

Өзгелердің жаңалығы