Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында оқушылардың 51%-ы дәстүрлі форматта білім алып жатыр
14 Қаңтар 2021, 11:33 84

Жамбыл облысында оқушылардың 51%-ы дәстүрлі форматта білім алып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова «Қолжетімді әрі сапалы білім» тақырыбында өткен онлайн брифингте баяндады.

Мектептерде білім беру үш түрлі форматта жүріп жатыр – дәстүрлі, қашықтан және аралас оқу форматында. Облыстағы жалпы білім беретін 442 мектептің 213-і дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл мектептер 1 қыркүйектен бастап осы форматта жұмысын бастады. Қалғаг 229 мектеп бірінші және екінші тоқсанда қашықтан білім берген болатын. Сондай-ақ, Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес үшінші тоқсаннан бастап дәстүрлі форматқа 9, 11 сынып оқушылары көшті. Жалпы алғанда контингенттің 51 пайызы дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Бұл бастауыш сынып балалары, кезекші сыныптарда білім алып жатқан 5-9 және 11 сынып оқушылары. Қалған балалардың 49 пайызы қашықтан білім алуда, - деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, 9 және 11 сынып оқышылары ІІІ тоқсаннан бастап дәстүрлі форматқа ауысты. Оқу жоспарындағы пәндердің 70%-і дәстүрлі форматта жүргізілсе, қалған 30%-і қашықтан жүргізіледі.

Балалардың мектеп бітіруіне аз ғана уақыт қалды. Сол себепті ҰБТ-ға дайындалу үшін, жалпы балалардың білім сапасын көтеру мақсатында оқу жоспарындағы негізгі пәндер 70 пайызды құрайды. Яғни ол пәндер - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география. Осы пәндер бойынша балалар мектепке келіп білім алуда. Қалған информатика, алғашқы әскери дайындық және технология, өзін-өзі тану және қолданбалы курстарға бөлінген сағаттар қашықтан жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді Ходжабергенова.

Білім басқармасы басшысы атағандай, мектептер 5 күндік жұмыс күніне көшкен болатын.

Дегенмен біз балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ кестесінің икемдік жасау мақсатында 4 күнді балалардың кең көлемде дәстүрлі форматта білім алуына жағдай жасап, сабақ кестесін жасадық. Ал екі күнде олар қашықтан оқыту форматында білім алуда. Өздеріңіз білесіздер, қашықтан оқыған кезде балалардың білімінде кемшіліктер болып, білім сапасы біршама төмендеп кетті. Енді білім сапасын көтеру мақсатында, балаларға қосымша көмек көрсету мақсатында 5 баладан аспайтын топ құрып, сол балалармен жеке жұмыс жүргізу жоспарға алынды. Осы ретте облыста 6 мыңнан аса балаға қосымша білім ұйымдастырылып жатыр. Оған 1 200-ден аса мұғалім қамтылған. Мұндай үрдіс бұған дейін ұйымдастырылған, - деп айтты ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...