Жамбыл облысында мұғалімдердің 98 пайызы вакцина алған – Жамалов

27 Шілде 2021, 16:15
2750
Бөлісу:
Жамбыл облысында мұғалімдердің 98 пайызы вакцина алған – Жамалов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов айтты.

Мектеп жасындағы балаларды қосымша білім мен үйірмелермен қамту 82,8 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 36,8 пайызы спорт үйірмелеріне қатысқан балалардың үлесі. Қалғаны шығармашылық үйірмелерге баратын балаларды құрайды, - деді ол.
Оның айтуынша, келесі жылы дәстүрлі форматта оқуға көшу үшін мұғалімдер ерікті түрде вакцина алып жатыр.
Қазір мұғалімдердің 98 пайызы вакцина алды. Халық арасында екпені алу жолға қойылса, біз мектепті ашуға әркез дайынбыз. Біз барлығымыз балалардың дәстүрлі форматта оқығанын қалаймыз. Алайда оның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Осы салада жұмыс істеп жатырмыз, - деді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
Осыған дейін өңірлік брифингте Жамбыл облысында қазір 53 бала коронавируспен ауырып жатқаны айтылған еді.

Өзгелердің жаңалығы