Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
15 Мамыр 2021, 20:45 368

Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов 2021 жылдың төрт айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары туралы айтты. 

Жамбылдық полицейлердің күшімен облыста жалпы жедел жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алдағы кезеңге полиция қызметіне құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске қатысты екі негізгі бағыт бойынша 8 міндетті белгіледі.

Сүлейменовтің хабарлауынша, қабылданған шаралар қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен. Облыста ауыр және аса ауыр қылмыстар саны азайып, олардың ашылу көрсеткіші артқан. Есепті кезеңде адам өлтіру дерегі 19,4%-ға, ауыр дене жарақаттары – 59%-ға төмендеді, ал олардың ашылуы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғарылады.


Ұрлық деректері тұрғындардың көпшілігінің жеке мүдделеріне әсерін тигізетінін ескере отырып, басты міндеттердің бірі ұрлықтың алдын алу және ашу болып қала береді. Бұл ретте бөтеннің мүлкін ұрлау 20,5%-ға, оның ішінде пәтер ұрлығы 28,4%-ға, автомобиль ұрлығы 90%-ға, мал ұрлығы 34,2%-ға, ал бұзақылық 33,7%-ға төмендеді, сонымен қатар аталған санаттағы барлық қылмыстардың ашылу көрсеткішінің жоғарылауына қол жеткізілді.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда, көшелерде, кәмелетке толмағандармен және адамдар тобымен жасалған қылмыстардың саны азайды.

Полиция генерал-майоры кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қадағалаусыз және қорғансыз қалу деректерін анықтау бойынша жұмысты күшейту қажеттігін тапсырды. Қазіргі уақытта облыс орталығында және аудандарда қоғам мен басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

ПД бастығы, сонымен қатар, қазір ұялы телефонды ұрлау қылмыстың ең көп таралған түрі екенін атап өтті. 

Көбінесе, жасөспірімдер ұрылардың құрбаны болып жатады. Ол ата-аналарды балаларына қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз заттарына мұқият қарауға жауапкершіліктерін арттыруды үйретуге шақырамын, - деді ол.
Сондай-ақ жол қауіпсіздігі жағдайына аса назар аударуға тапсырма берді. Тараз қаласының көше-жол желілеріндегі, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы апаттылықты төмендету үшін полиция жасақтарының тығыздығы артты, полиция қызметкерлерінің жол қозғалысына қатысушылармен байланысын барынша азайта отырып, құқық бұзушылықтар мен жылдамдық режимін бұзушылықтарды тіркейтін заманауи техникалық құралдар қолданылуда.

Бүгінгі күні интернет-алаяқтардың қолынан зардап шеккен азаматтардан түскен өтініштер санының өсуі байқалады. Азаматтарды сақ болуға, тауарларды сатып алу үшін тексерілген сайттарды пайдалануға, хабарландыруларды мұқият зерделеуге және ақшамен немесе жеке деректермен күдікті әрекеттер жасамауға шақырамын, - деп Жанат Қуанышұлы тұрғындарға үндеу жолдады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...