Жамбыл облысында "Көкнәр-2019" жедел шарасына дайындық жүргізілуде

24 Мамыр 2019, 22:30
2234
Бөлісу:
Жамбыл облысында "Көкнәр-2019" жедел шарасына дайындық жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  1 маусымынан бастап жыл сайынғы «Көкнәр-2019» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталады, ол жабайы өсетін есірткі өсімдіктерінің заңсыз егістіктері мен аумақтарын анықтауға және жоюға, есірткінің заңсыз таралуына қатысы бар тұлғаларды ұстауға және есірткі арналарының жолын кесуге бағытталған.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Көкнәр-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов Жамбыл облысының Шу қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметовпен бірге Полиция департаментінің «Дельта-Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңіраралық бөлімінде болып, бөлімнің жеке құрамымен танысты, сондай-ақ қызметкерлер қолданатын техникалық құралдар мен жабдықтарды қарап, нақты ұсыныстар берді.

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және облыс аумағынан тыс жерлерге есірткіні шығаруға жол бермеу үшін іс-шараны жүргізу кезеңінде қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған жедел-іздестіру топтары пайдаланылатын болады. Арнайы іс-шараларды өткізу үшін шалғай әрі жетуге жолы қиын аудандарда авиатехниканы қолдану қарастырылатын болады, сонымен қатар құмға жақын аймақтарда арнайы мақсаттағы бөліністер мен қызметтік иттердің қатысуымен патрульдеуді жүзеге асыру үшін жоғары өтімділігі бар автокөліктер пайдаланылады", - деді Махамбет Абисатов.

Өзгелердің жаңалығы