Жамбыл облысында екі бала мұздың астына құлап қайтыс болды

29 Қараша 2020, 15:25
2348
Бөлісу:
Жамбыл облысында екі бала мұздың астына құлап қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында тоғыз және алты жастағы екі бала ойнап жүріп, суару каналында мұздың астына құлап, қайтыс болды. 

Олардың денелерін Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі тереңдігі 3 метр судан шығарды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Аяз басталысымен суда біртіндеп мұз пайда бола бастайды. Алайда алғаш қата бастаған мұзға балалар мен жасөспірімдер барып, жиі ойнайтыны жасырын емес. Осыған байланысы жұқа мұз өте қауіпті екенін еске салғымыз келеді.

Құрметті ересектер қауымы! Балаларыңызға абай болыңыздар! Мұз қатқан судың қауіптілігі туралы балаларыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Балалардың бақылаусыз қалуына жол бермеңіздер. Су қоймаларында ойнауына жол бермеңіздер. Оларды қараусыз қалдыру орны толмас өкінішке алып келуі ықтимал, - делінген хабарламада.

«Мұзда» қайғылы жағдайлар қайталанбауы үшін су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажет:

Мұз жаңа қата бастаған кезде мұз үстінде ойнауға, коньки тебуге тыйым салынады. Жұқа мұз осал болады. Адамның салмағын көтере алмайды.

Мұзда жүру кезінде абай болыңыз, мұз бетінде мұқият болыңыз, қауіпті және күдікті жерлерде жүрмеңіз. Қардың қалың қабатымен жабылған жерлерден сақ болуыңыз. Қар астында мұз әрқашан ашық жерлерге қарағанда, жұқа болады.

Егер сіз су айдынында апаттың куәгері болсаңыз немесе сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, шұғыл көмекке жүгініңіз.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді және мұзда ойнаудың қауіпті екендігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы