Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді

5 Наурыз 2021, 05:14
1683
Бөлісу:
Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күндік «Допинг» шарасы кезінде 42 есірткі қылмысын анықтаған.

11 қылмыстың ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша – 4 дерек, ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша – 6 және есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу дерегі (ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі) анықталды. Ал ҚР ҚК 296-бабының 1-3-бөлігі бойынша 12 қылмыс әшкере болды, – делінген ведомство хабарламасында.
Шара барысында полиция қызметкерлері 14 дәріхананы, 18 қойманы, 4 емдеу мекемесін және 1 өнеркәсіпті тексерді.

Заңсыз айналымнан 16 келіден астам есірткі, оның ішінде 8 келі 182 грамм марихуана, 6 келіден астам «гашиш», адам ағзасына зиян келтіретін 1960 дәрілік препарат және 5 келі 770 грамм күкірт қышқылды прекурсор тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы