Жамбыл облысында бес күнде 37 қылмыс дерегі ашылды

27 Шілде 2021, 06:25
2324
Бөлісу:
Жамбыл облысында бес күнде 37 қылмыс дерегі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 19-23 шілдесі аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты-көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ жол қауіпсіздігі, - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Алдын алу іс-шарасына ішкі істер органының 650-ден астам қызметкері және әскери қызметшілер, қоғамның 30 өкілі тартылды және 232 бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 52 қылмыс дерегі тіркелді, оның 37-сі ізін суытпай ашылды және 13-і бұрын жасалған.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген жеті адам ұсталды, жалпы салмағы 7 келі 659 гр марихуананы заңсыз айналымға салудың сегіз дерегі анықталды. Тегіс ұңғылы атыс қаруын алып жүрудің немесе сақтаудың 1 дерегі және суық қаруды алып жүрудің 2 дерегі (аңшылық пышақ және қолөнер кастеті) анықталды.

Бұдан басқа, 2557 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген, оның ішінде 254 – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық), 313 – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу), 310 - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) және 80 - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша (Тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзу). ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша (ҚР-да тұру ережелерін бұзу) 702 адам ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеу) бойынша 706 әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты жол қозғалысы ережесін бұзған 124 жүргізуші тоқтатылды, көлік құралын мас күйінде басқарудың 17 дерегі (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзудың 553 дерегі (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) анықталды.

Көші-қон заңнамасы желісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша (ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) ТМД азаматтарының 62 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Қабылдау-тарату орнына 40 адам, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына 105 адам орналастырылды. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған 1302 пәтер және 2614 есепке алынған, оның ішінде 479-шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар тексерілді.

Аталған іс-шаралар тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жедел жағдайды сауықтыру, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында өткізілді, - деді Рахымберді Әшкеев.

Өзгелердің жаңалығы