Жамбыл облысында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар

20 Сәуір 2019, 16:03
2009
Бөлісу:
Жамбыл облысында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол оқиғасында 8 адам қаза тапты, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың ішінде тағы үшеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасында 11 қаза тапқандардың ішінде 7 – Қазақстан азаматы,                       3 – Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

Еске саламыз, облыста жедел штаб жұмыс істейді, психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7(7262)513575 және +7(7262)514167 құрылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы