Жамбыл облысында 60-қа жуық оқушы коронавирус жұқтырған

10 Қыркүйек 2021, 17:45
5906
Бөлісу:
Жамбыл облысында 60-қа жуық оқушы коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Жамбыл облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев айтты. Ол жаңа оқу жылы басталғалы облыста білім беру мекемелерінде індет жұқтыру жағдайларына тоқталды.

Жамбыл облысында 1 қыркүйектен бастап бір балабақшада тәрбиеленушісі ауру жұқтыру дерегі тіркелген. Ал оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 59 жағдайы анықталған. Оның ішінде, 57 жағдай оқу процесінің басталуына байланысты емес. Тараз қаласында 2 мектептің 2-сыныбында карантин енгізу және 48 оқушы мен мұғалімдерді үй карантиніне көшіру туралы 2 қаулы шығарылды, - деді ведомство басшысының орынбасары.

Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап педагогтар арасында індет жұқтырған 12 жағдай тіркелген.

Оның ішінде 7 мектеп мұғалімі, 2 мектеп-интернаттың педагогы, 2 ЖОО-ның оқытушысы және 1 балабақша тәрбиешісі бар. 2 мектептің 2-сыныбы мен 43 оқушы, мұғалімді үй карантиніне жіберу туралы 2 қаулы шығарылды, - деді Бағлан Қыдырбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 9,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынғандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы