Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды

29 Қараша 2020, 19:20
1209
Бөлісу:
Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 қараша сағат 13:25 шамасында Жамбыл облысы Жуалы ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Термез-Ташкент» автожолында (576-593 шақырым) 51 адам құтқарылған.

Департаменке қарасты 5 қызметкер мен екі техника қар құрсауында қалған 21 автокөліктің ішінен 51 адамды құтқарған. Оның ішінде 12-сі - бала. Одан бөлек, 3 адам басқа жерге эвакуацияланды. 

Автожолдың тазартылған учаскесіне 21 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды. 

Құрметті жүргізушілер! Жолда абай болыңыздар. Құтқарушылардың кеңесіне құлақ асыңыздар. Ауа райының нашарлауы, бұрқасын, тұман және көктайғақ туралы SMS хабарлама алсаңыз, мүмкіндігінше жолға шықпауға тырысыңыз, – деп ескертеді департаменттен.


Өзгелердің жаңалығы