Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында 5 градус үсік болады
21 Қазан 2019, 16:10 395

Жамбыл облысында 5 градус үсік болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының күрт бұзылуына байланысты 3 облыста дауылды ескерту жасады.

22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 22 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

"22-24 қазанда түнде Жамбыл облысында кей жерде 5 градус үсік күтіледі. Кей жерде тұман түседі. 22 қазанда кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі", - делінген синоптиктер хабарламасында.

Тараз қаласында 22-23 қазанда түнде 3 градус үсік күтіледі. Кей уақытта тұман түседі.

22 қазанда Түркістан облысының кей жерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерде 1 градус үсік күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...