Жамбыл облысында 38 заңсыз еңбек мигранты ұсталды

18 Шілде 2019, 16:45
2032
Бөлісу:
Жамбыл облысында 38 заңсыз еңбек мигранты ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұсталғандардың барлығы жергілікті кірпіш зауытында рұқсат құжатынсыз заңсыз еңбек еткен.Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және жолын кесу мақсатында Жамбыл облысының аумағында «Нелегал-Жаз» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. 

Оның екінші кезеңі аясында, яғни 14 шілдеде Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 31 азаматын ұстады.    

вавымыыв.jpg

«Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Т. Рысқұлов ауданының сотына жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында. 

Шетел азаматтарын рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс беруші де ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

аптат.jpg

Сондай-ақ, 17 шілдеде Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы дүкендердің бірінің үй-жайында Жамбыл облысының Полиция департаменті Заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротасының қызметкерлері Қазақстанда заңсыз жүрген және нан өнімдерін пісірумен айналысқан Өзбекстан Республикасының 7 азаматын анықтады. 

аввиваив.jpg

«Ұсталған еңбек мигранттарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал хаттама толтырылды, ал шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін нан пісіретін цехтың иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды. Барлық істер Байзақ ауданының әкімшілік сотына жолданды», - деп жазылған таратылған ақпаратта

Жамбыл облысының Полиция департаменті шетел азаматтарын көші-қон тәртібін бұзбауға және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуге шақырады.
 

Өзгелердің жаңалығы