Бас жаңалықтар
Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 400 тонна шөп жөнелтті
01 Тамыз 2021, 02:35 227

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 400 тонна шөп жөнелтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуаңшылық салдарына байланысты Арал ауданына көрші облыстардан жем-шөп жеткізу жұмыстары жалғасын табуда. Жамбыл облысы да Қызылорда өңіріне көмек шарасын қолдады, деп жазды Қызылорда облысының әкімдігі.

Әулиеаталықтар Сыр өңіріне 18 вагон, 400 тонна шөп жөнелтті. Шу, Луговой, Жаңатас және Тараз қаласы темір жол стансаларындағы вагондарға жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жеткізілді. Жамбыл облысының жұртшылығы қызылордалық ағайындарға әрі қарай да көмек көрсететіндігін жеткізді, – делінген мәліметте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...