Жамбыл облысы Көкпар федерациясына басшы тағайындалды

14 Шілде 2021, 14:45
4656
Бөлісу:
Жамбыл облысы Көкпар федерациясына басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт федерациясының президенті Бекболат Тілеуханның шешімімен Жамбыл облысы Көкпар федерациясының басшысы тағайындалды. Бұл ақпаратты жаңадан тағайындалған Бақтияр Тоғайбаев растады. 

Әулиеата өңірі - соңғы кездері көкпарды өте жақсы дамытып келе жатқан өңір. Өткен көктемде Жамбыл облысы «Әулиеата» көкпар командасы Қазақстан Республикасының чемпионы атанса, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада өткен Ұлттық спорт қауымдастығының кубогын және республикалық өнер көкпарын жеңіп алды.

Осындай көкпары дүркіреп тұрған өңірге, сол өңірдің тумасы, өзі де көкпар десе ішкен асын жерге қояр жас Бақтияр Тоғайбаев басшылыққа келді.

Тоғайбаев Бақтияр Боранқұлұлы 1988 жылы 1 маусымда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көкжиелек ауылында дүниеге келген.

Ол 2005 жылы Жамбыл облысының Құмшағыл орта мектебін бітірген.

2013-2019 жылдары «Жамбылгорстрой» компаниясында прораб маманы болып бастап, директордың орынбасары лауазымына дейін жетті.

2019 жылы мамыр айында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқыды.

Үйленген, 3 баланың әкесі.

2020 жылдан бері «Бақ-Industry» ЖШС-нің құрылтайшысы.

Бала кезімнен әкеме мал шаруашылығын жүргізуге көмектесіп келгеннен, казіргі таңда қазақтың ұлттық спорт түрі - «Көкпарға» қызығушылық танытамын. Басшылықтың сеніп тапсырған ісін алға жылжытып, көкпар спортымызды дамытуға барынша үлес қосамын деп сеніммен айта аламын, – дейді Бақтияр Тоғайбаев.

Өзгелердің жаңалығы