Жамбыл облысы қант пен картоп өндіруді қолға алды

21 Маусым 2021, 13:32
3340
Бөлісу:
Жамбыл облысы қант пен картоп өндіруді қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде есеп беру кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2021-2025 жылдары 513 млрд теңгені құрайтын 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Онда 3,6 мың жұмыс орны құрылмақ. Оның ішінде 2021 жылғы 16 жоба іске асты.

Жоспарланып отырған ірі жобалардың бірі - қант өндірісін дамыту үшін қуаттылығы жылына 148 мың тонна өндіретін 300 жұмыс орнын, құны 93 млрд теңгені құрайтын заманауи қант зауытының құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорынды іске қосу 2023 жылға жоспарланған, - деді ол. 

Бұдан басқа, қуаттылығы 70 мың тонна өндіретін 300 жұмыс орнын, құны 49 млрд теңгені құрайтын облыста алғаш рет Нидерландтық инвесторлардың қатысуымен «K-АГРО» холдингімен фри картопты кешенді өндіру зауытын салу жоспарлануда.

«Алель Агро» ЖШС құс фабрикасының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтауда, қуаттылығы 45 мың тонна, құны 26,5 млрд теңге болатын 800 жұмыс орны құрылмақ. 2,8 мың тонна ет экспортқа шығарылды. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған 142 су қоймасының 24-і жасанды. Форель балықтарын өсіруге арналған 17 тау учаскелері анықталды. Балық өндірісін 2025 жылға қарай 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы