Бас жаңалықтар
Жамбылда Наурыз кезінде 200-ден астам азамат жол ережесін бұзған
26 Наурыз 2019, 15:06 413

Жамбылда Наурыз кезінде 200-ден астам азамат жол ережесін бұзған

Тараз, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Наурыз мерекесін тойлаған 21-23 наурыз күндері аралығында Тараз қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, көше мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті жол-патрульдік полициясының батальонымен рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері жүргізген күшейтілген жұмыс режимінде жол қозғалысы ережелерінің 211 әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады», - деп жазылған хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, оның ішінде 95 факті жылдамдықты асыруға қатысты орын алған. 

«Оның ішінде, 95 факті – ҚР ӘҚК 592-бабының 1-бөлімі бойынша (жылдамдық тәртібін асыру) болса, 11 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін қолданбаған, 12 – көлік жүргізу барысында телефон қолданған. Алты көлік айыппұл тұрағына қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр», - деп жазылған хабарламада.

Сізден жаңалық