Жамбыл ауданының тұрғындарына 1864 жер телімі берілді

7 Қараша 2021, 12:29
2428
Бөлісу:
Жамбыл ауданының тұрғындарына 1864 жер телімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ауданындағы Шәкен Ниязбеков ауылында 100-ге жуық тұрғын баспана салуға жер телімін алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл ауылда 97 жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға үлестірілді. Өткен жылғы кездесуде осы жағдайды жеткізген ауыл тұрғындарының өтініші бүгінде орындалуда. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 864 жер учаскесіне инфрақұрылымдық-инженерлік жұмыстар жүргізілген болатын, - деп атап өтті аудан әкімі Сәкен Арубаев.

Ауыл тұрғыны Зарина Болысбекова осыдан 7 жыл бұрын жергілікті әкімдікке барып, жер кезегіне тұрған екен. Енді ол отбасымен жаңа баспананың іргетасын қалауға ниеттеніп отыр.

Өткен жолы аудан басшысының тұрғындармен кездесуінде осы мәселені көптеген азаматтар көтерді. Кеше әкімдіктің мамандары кезегімнің келіп қалғанын хабарлады, қатты қуандым. Тұрғын үй салудың қарекетіне тездетіп кірісемін, - деді ол.

Айта кету керек, Жамбыл ауданында 1 864 азаматқа 7 елді мекеннен жер беру жұмыстары қызу жүруде. Аудандағы Тастөбе ауылының 79 азаматы жер телемін иеленді. Алдағы күндері Айшабибі ауылында – 382, Бірлесу-Еңбек ауылына – 130, Бектөбе ауылында – 143, Аса ауылында – 811, Қызылқайнар ауылында 222 жер телімі кезектілік тәртібімен беріледі.


Өзгелердің жаңалығы