Жамбыл ауданында «Pfizer» екпесінің 30 дозасы салынды

22 Қараша 2021, 17:37
738
Бөлісу:
Жамбыл ауданында «Pfizer» екпесінің 30 дозасы салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, өңірге өткен аптада жеткізілген 30 доза «Pfizer» вакцинасының бүгінде 27-сі балаларға, 1-еуі бала күтіміндегі, 2-еуі жүкті әйелдерге салынған.

Аудандық емханаға арнайы келген бала күтіміндегі Жұмакүл Мырзай екпені баланың денсаулығы мен болашағы үшін қабылдағанын айтады.

Әр отбасының алтын қазығы – бала. Оның денсаулығына ата-ана тікелей жауапты. Бүгін емханаға келіп, дәрігерлердің нұсқаулығын тыңдап, вакцина қабылдадым. Екпені көптен бері күтіп жүрген едім. Барлықтарыңызды екпе алуға шақырамын, – дейді ол.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Жадраш Тотаева бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі басқа екпелерге қарағанда жоғары екенін жеткізді. Екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан емізулі аналарға салынуда. Екпеден өткеннен кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады.

Өзгелердің жаңалығы