Бас жаңалықтар
Жамбыл Ахметбеков: Енді оппозициялық көзқарастар, балама ойларға жол ашылады
20 Желтоқсан 2019, 17:47 1855

Жамбыл Ахметбеков: Енді оппозициялық көзқарастар, балама ойларға жол ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жамбыл Ахметбеков митинг туралы жаңа заң жобасында қанша мәселелер қамтылғанын айтты.

Бүгін елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің II отырысы өтті. Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет митинг туралы заң жобасын парламент қарауына енгізуі керек екенін айтқан еді. 

Жұрттың, қоғамның көңілінен шығып отырған мәселелер өте көп. Ұлттық кеңестің мүшелерінің өзінің де көңілінен шығып отыр. Қаржы, жер, бюджетті қарастыру мәселесі, квазимемлекеттік кәсіпорындар туралы да айтылды. Өзім саяси партия өкілі болғандықтан, осы жағына көбірек мән бердім. Осыған дейін халық саяси жаңғырулар қажет екенін ұдайы айтқанымен, сол күйінде қалып қоятын. Бұған дейін билік, үкімет тарапынан қолдау таппаған болатын. Саяси партиялар өздерінің жиылыстарында айтқандарымен, билік құлақ аспаған еді. Осы жолы Ұлттық кеңестің отырысында тыңдалды. Шешімін табады деп отырмыз. Мысалы, митингілер өткізу. Осыған дейін де айтылып келді. Бірақ қалай өткіземіз деген сұрақтың жауабы табылмаған. Ендігі кезде жаңа Заң жобасы дайындалды. Онда митинг өткізу тәртібі қарастырылған. Бұл жерде тек құқық тұрғысынан ғана емес. Жергілікті мәслихаттар митинг өткізетін жерлерді анықтауы тиіс және жауапкершілігі де жазылған, - дейді Жамбыл Ахметбеков.

Оның айтуынша, митинг туралы жаң Заң жобасында "жүргізуші", "қатысушы" және "бақылаушы" статусы бар. 

Еуропалық стандарттар бойынша ең негізгісі, бұрынғыдай рұқсат беру емес, ескерту мәселесі. Яғни ескерту арқылы қай жерде болатынын, қанша адам қатысатынын және қандай мәселелер қозғалатыны қаралады. Бірақ заңнамаға қайшы болмау керек және қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Келесі жылы бұл заң жобасы парламентте қарастырылады. Қабылданған жағдайда митингілердің өткізудің мәдениеті шешіледі. Екіншіден, оппозициялық көзқарастар, балама ойларға жол ашылады. Әлеуметтік желілерде өзіміздің белсенділер ой-пікірлерін жеткізе алмай, әр түрлі іс-шараларға ат салысып жатады. Парламентке қатысты "оппозициялық азшылық" деген заң қабылдануы тиіс. Сол кезде оппозиялық партия өкілдері парламенттегі жеті комитеттің біреуіне төраға болуға мүмкіндіктері болады, - дейді Ұлттық кеңес мүшесі.


Фото: дереккөз
Загрузка...