Бас жаңалықтар
Жамбыл Ахметбеков: Ешкім сайлауға жеңілем деп түспейді
09 Маусым 2019, 08:22 381

Жамбыл Ахметбеков: Ешкім сайлауға жеңілем деп түспейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскесіне дауыс беру үшін президенттіктен үміткер кандидаттар да келе бастады. 

Елордадағы 113-ші сайлау учаскесінде Қазақстан КХП Төрағасы, президенттіктен үміткер Жамбыл Ахметбеков өз таңдауын жасады. 


"Біз жеңетінімізге сенімдімін. Себебі біз жасаған жұмыстар халық көңілінен шыға білді. Ешкім сайлауға жеңілем деп түспейді. Дегенмен, еліміздің болашағы үшін таңдау жасаймыз"  - деді Жамбыл Ахметбеков. 


Үміткер сайлауға отбасымен және үгіт-насихат штабының жетекшісімен бірге келіпті. 

"Баламның үмітімізді ақтайтынына сенімдімін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын"  - дейді Жамбыл Ахметбековтің анасы.


Президент сайлауына осымен екінші рет түсіп отырған үміткер биылғы саяси доданың ерекшелігіне тоқталды.

«Ол кезде кандидаттар саны аз болғанымен, әлемдік деңгейде беделі бар Нұрсұлтан Назарбаев бар еді. Ол кісімен бәсекеге түсу біз үшін қиын еді. Ал бұл жолғы сайлауда барлық кандидаттың мүмкіндігі бір деп ойлаймын»,  - деді Жамбыл Ахметбеков.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 66 мектеп лицейінде орналасқан 113-ші сайлауучаскесінде 2897 бюлетен таратылған, 2 адам үйінен дауыс береді. Учаске бойынша 2887 адам тіркелген. Дауыс беру басталған алғашқы сағатта 101 адам дауыс беруге келді.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық