«Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасының жыл ішінде атқарған шаруасы қандай?

21 Қаңтар 2021, 05:46
1606
Бөлісу:
«Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасының жыл ішінде атқарған шаруасы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жоба аясында аймақта қалалық және аудандық әкімдіктердің 100%-ы қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшкен. Бұл туралы «Антикор» орталығында өткен брифингте баяндалды.

Департамент басшысы Ә.Әшірбаев және департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың қатысуымен өткен жиында агенттіктің басымдық беретін бағытының бірі – бюджеттердің жаппай ашықтығы екендігі айтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске қосылған «Ашық бюджеттердің Интерактивті картасы» – мемлекет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Департамент басшысының айтуынша, облыстағы жергілікті атқарушы органдармен тұрақты байланыс орнату арқылы 1049 мелекеттік мекеме 1,1 трлн теңгеге өз бюджеттері туралы мәліметтерді Картаға толық енгізген.

Карта аясында мемлекеттік органдар және қоғам белсенділері арасынан арнайы клуб құрылып отыр, аталған клубпен апта сайын бюджеттін игерілуі барысында орын алған мәселелер талқыланып келеді. Әр бір азамат қандай да бір бюджеттің игерілімі бойынша қоғамдық мониторинг жасаған болса, оның қорытындысын аталған клуб жұмысына ұсынып, әрі қарай оны бірлесіп қарауға мүмкіндік жасап отырмыз, - деді сала басшысы.
Сонымен қатар облыста «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жаңадан тас жолдар, тозығы жеткен ғимараттар жаңартылған еді. «Жамбыл – Адалдық алаңы» бюджеттің тиімді жұмсалуын, мердігер жұмысының сапасын назардан тыс қалдырмады. Бір ғана «Сапалы жол» жобасы аясында кемшіліктер анықталып, дер кезінде түзелген. 

«Сапалы жол» жобасы – Мемлекет басшысының Жолдауындағы мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдау туралы тапсырмасымен толық үйлеседі. 

Жоба аясында 2020 жыл басынан бері 73 іс-шара ұйымдастырылып, қоғамдық мониторинг негізінде 70-ке жуык кемшілік анықталып, жол жабындыларын қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген. 

Одан бөлек рейдтік іс-шаралар қорытындысымен жол жабындыларын зақымдау, сондай-ақ шамадан тыс жүк тасымалдау сияқты 120-дан аса құқықбұзушылықтар анықталып, қала тұрғындары, коммуналды қызмет атқаратын мекемелерге, ауыр жүк тасымалдаушы көліктердің жүргізушілеріне жалпы 16,0 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Айтарлығы, қазіргі таңда қоғам жол сапасына байланысты құқық бұзушылықтарға бейтараптылық танытпайды және «Жамбыл – Адалдық алаңы» да бұл бағытта тиімді жұмыстарын жалғастыра бермек.

Өзгелердің жаңалығы