Бас жаңалықтар
Азия чемпионаты. Жамбы атудың жампоздары кімдер?
19 Сәуiр 2019, 11:20 549

Азия чемпионаты. Жамбы атудың жампоздары кімдер?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы «Байсерке» атшабарында өтіп жатқан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының бүгін төртінші күні.

Елбасы тапсырмасымен жарияланған Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырып отырған чемпионатта Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан қатарлы 10 мемлекеттің спортшылары бақ сынауда.

Бүгін алаңға сұрмергендер шығады. Яғни, жамбы атудың жампоздары сынға түседі. 

Бұл спорт түрі бойынша да 7 мемлекеттен келген 12 спортшы өзара мергенді анықтайды. Негізі әр мемлекеттен 3 ойыншы қатысуға болады. Дегенмен, әр мемлекет өз мүмкіндігіне орай спортшы қатыстырып отыр.

Сонымен, бүгінгі бәсекеге түсер мергендер; Қазақстаннан – 3, Моңғолиядан – 3, Венгриядан – 2, Ресейден – 1, Өзбекстаннан – 1, Малайзиядан – 1, Түркиядан – 1 ойыншы қатысады.

Жамбы ату сайысы үш кезеңнен тұрады:

Әуелі – азиялық стиль



екінші – түрік стилі және қазақтың ежелгі жамбы ату өнері бойынша мергендігін дәлелдейді. 





Осы орайда, Қазақ стилі бойынша діңгек басына ілінген жамбыны атып түсіру өнері ат үстінде садақ атудан Әлем чемпионатының бағдарламасына кіргенін де айта кету керек.

Жамбы мергендерінің аты-жөні:
Бекзат Жақсыбек (Қазақстан)
Бақдәулет Бабажан (Қазақстан)
Ералхан Айкөз (Қазақстан)
Хүслэн Чулуунбаатар (Моңғолия)
Жавхлантөгс Мөнхарслан (Моңғолия)
Түмэнбаяр Оьгонбаяр (Моңғолия)
Валентин Лакатос (Венгрия)
Золт Лизиска (Венгрия)
Ирфан Мика (Малайзия)
Шахобиддинжон Туроев (Өзбекстан)
Любовь Морока (Ресей)
Веняамин Улу (Түркия)

Естеріңізге сала кетейік, кеше, яғни 18 сәуір күні Теңге ілу спорты бойынша сынға түскен 19 епті жігіттің ішінен жерлесіміз Ғалымжан Ізжанов жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатының тұңғыш жеңімпазы атанған болатын.



Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық