Бас жаңалықтар
Жамаубаев республикалық бюджетке қанша кіріс түскенін айтты
12 Мамыр 2021, 09:33 198

Жамаубаев республикалық бюджетке қанша кіріс түскенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Министр биылғы 4 айдың қорытындылары бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы айтты.

Мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда, 3 трлн 271 млрд теңге сомасында кіріс түсті. Яғни, жоспар 117 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 1,9 трлн теңге сомасында кіріс түсті. Кірістер бойынша жоспар 120 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 88 млрд теңгеге асыра орындалды, - деді ол.

Министр асыра орындау негізінен импортқа қосылған құн салығы, мұнайға экспорттық кеден салығы және корпоративтік табыс салығы есебінен жүзеге асырылғанын айтты.

Импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалуы өткен жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда үшінші елдермен импорт көлемінің 9,4%-ке ұлғаюына байланысты. Бұл ретте Қытай Халық Республикасынанан импорт ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 47,4%-ға немесе 525 млн долларға, оның ішінде ағымдағы жылғы наурызда 2,2 есеге немесе 348 млн долларға артты, - деді ол.

Жамаубаев Еуроазиялық экономикалық одақ елдерінен импортталған автокөлік құралдарының санының 24,3%-ға ұлғайюына байланысты екенін айтты.

Шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша асыра орындау экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты. Корпоративтік табыс салығының асыра орындалуының негізгі себебі – пандемияның экономикаға теріс әсер етуіне байланысты өткен жылдың салық базасының төмендеуі, - деді министр.
Айта кетейік, отырыс барысында Ерғалиев экономикалық көрсеткіштер бойынша өңірлерді жіктеді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...