Жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы

30 Шілде 2020, 06:33
2385
Бөлісу:
Жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық "Адалдық алаңы" әлемнің екінші ұстазы, данышпан әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойына орай "Адалдық сағаты" жалпыреспубликалық акциясын өткізуде.

Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым министрлігімен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен алдын ала келісіп, "Адалдық сағаты" республикалық телеарналарда көрсетілуде. 

Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен "Adaldyq alańy" жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде көрсетілуде.

Онлайн форматта өткен осы іс-шарада, біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық білім беру ошақтары қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді. Екіншіден, әлеуметтік желіде жастармен тиімді кері байланыс орнатылды. Бейне-дәрістің бір жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды. Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды. Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі, – дейді Жамбыл облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы