Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады

23 Қаңтар 2021, 19:52
1177
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі, 24 қаңтарда таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-дегі өзінің екінші кездесуін өткізеді.

Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 257 туринрінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы швед спортшысы Амир Альбази (13-1). Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 06:00-ден кейін басталады. UFC кешті ресми сайтында тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұл – Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші айқасы. Алғашқы жекпе-жегінде ол Раулиан Пайвадан (20-3) жеңіліп қалған болатын.

 

Амир Альбазиға қатысты айтар болсақ, ол алдыңғы жекпе-жегінде канадалық Малкольм Гордонды (12-5) бірінші раундта жеңген еді. Бұл шведтің UFC-дегі дебюті болды.

Өзгелердің жаңалығы