Жалғас Жұмағұлов келесі кездесуін қашан өткізеді?

28 Қыркүйек 2021, 07:16
8911
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов келесі кездесуін қашан өткізеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов келесі кездесуін 4 желтоқсан күні өткізеді.

Жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында  UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы жапониялық Rizin fighting federation ұйымының чемпионы Манель Капе. Бұл Жұмағұлов үшін UFC ұйымындағы жаңа келісімшарт бойынша өтетін бірінші кездесу болады.

Жұмағұлов соңғы кездесуін шілде айында Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) UFC 264 турнирінде өткізіп, Джером Ривейраны жеңді. Содан соң отандасымыз жаңа келісімшарт жасады. Енді ол жаңа келісімшарт бойынша төрт кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы