Бас жаңалықтар
Жалған мәлімет таратқан дәрігер жауапқа тартылды
22 Шілде 2021, 01:31 137

Жалған мәлімет таратқан дәрігер жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияда вакциналар туралы жалған мәліметтер таратқаны үшін хирург жауапқа тартылды, деп хабарлайды еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Екпелер туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттарды насихаттағаны үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Әйел Прагадағы пластикалық хирургияның жеке клиникаларының бірін басқарады.

Израильде бұқаралық іс-шараларға тек вакциналанған, ауырып, жазылғандар және коронавирусқа теріс нәтижелі тест анықтамасын алған адамдар ғана жіберіледі. Жаңа ережелер бүгін күшіне енді және бұл шектеу жүзден астам адамның қатысуымен өтетін мерекелерге қатысты болмақ. 

Бірқатар елде бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша антирекордтар тіркелді: Индонезияда 1 383 жағдай, Малайзияда 199 дерек. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтыру бойынша жаңа жағдайларының максималды тәуліктік өсуі тіркелді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...