Эстонияда төменгі жалақы 540 еуроға дейін өседі

1 Қаңтар 2019, 11:35
1953
Бөлісу:
Эстонияда төменгі жалақы 540 еуроға дейін өседі
Фото: fonstola.ru

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Эстонияда төменгі жалақы 500-ден 540 еуроға дейін өседі. Бұл туралы осы елдің үкіметі хабарлады.

Еңбекақының төменгі шегі жеке меншік және мемлекеттік салада қатар өседі. Сонымен қатар төменгі жалақымен байланысты жеңілдіктер де өседі. Мәселен, ата-анаға берілетін жәрдем, жақындарына немесе балаға қарау бойынша демалысқа шығу төлемі де көтеріледі.
Қаржы министрлігінің дерегінше, төменгі жалақыны 540 еуроға дейін өсіру мемлекеттік бюджетке қосымша 14,5 миллион еуро көлемінде салықтық түсім әкеледі. Яғни әлеуметтік салық, жұмыссыздық жөніндегі сақтандыру жарнасы мен табыс салығы көтеріледі. 
Сондай-ақ төменгі жалақының өсуі тұтыну мөлшерін де арттырады, мұның арты аксиздер айналымынан қосымша салықтардың түуіне әкеледі.
 

Өзгелердің жаңалығы