Жалақы айырмашылығына қарай салықтың көлемі өзгере ме?

1 Қараша 2021, 13:12
2577
Бөлісу:
Жалақы айырмашылығына қарай салықтың көлемі өзгере ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жалақы айырмашылығына қарай салықтың көлемі өзгере ме? Мәселен, ең төменгі жалақы алатын азамат пен жоғары айлығы бар азамат бірдей салық төлей ме? ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, «E-Salyq Bussines» мобильді қосымшасында төленіп жатқан қаражаттар мен салықтар бойынша ақпараттар серверде сақталатын болады.

Қазір әртүрлі бағытта реформалар жүргізілуде. Министрлік экономика саласының мамандарымен осы бағытты қарастырып жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылған. Сол топтың жұмысының нәтижесінде шешім шығарылатын болады. Қандай мөлшерде, қандай салық салынатыны бойынша әзірше ақпарат беру ертерек деп ойлаймыз, -деді ол.

Сонымен қатар Жайдар Іңкәрбаев салықтың түсімі бойынша көш бастап тұрған салаларды атап өтті.

Ірі бизнесті айтар болсақ, жер қойнауын пайдалатын салалар қазіргі таңда салықтың басым бөлігі түсіруде. Ең үлкен айналым болып жатқан орта - сауда саласы мен құрылыс. Бұл кәсіптерде салық мөлшері жоғары, -деп атап өтті ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

Айта кетейік, ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мемлекеттік кірістер комитетімен «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленгенін, 2022 жылдан бастап арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа арнаулы салық режимін енгізу көзделгенін айтқан еді.



Өзгелердің жаңалығы