Жалағаш кенті табиғи газға қосылды – Қызылорда облысы

28 Шілде 2021, 07:31
3379
Бөлісу:
Жалағаш кенті табиғи газға қосылды – Қызылорда облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жалағаш ауданында жүзеге асқан үлкен жобаның бірі – Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстары толық пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты.

Жоба жұмыстары үш жыл бойы атқарылды. Жобаның жалпы құны 3 млрд 691 млн теңгені құрайды. Ауданда тұрғындарға газбен жабдықтау қызметін көрсету үшін «Қызылорда газ тарату жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, – делінген әкімдіктің мәліметінде.

Айта кету керек, бүгінде 295 тұрғын үйге газ желісі тартылып, одан 65 үйге көгілдір отын берілді. Жеке секторды орталықтандырылған газ желісіне қосуға арнайы рұқсаты бар 12 жеке кәсіпкер өз қызметтерін ұсынуда.

Өзгелердің жаңалығы