Жалағаш кәсіпкерлері мемлекеттік қолдаудың арқасында жобаларын жүзеге асыруда

26 Қазан 2020, 20:49
1405
Бөлісу:
Жалағаш кәсіпкерлері мемлекеттік қолдаудың арқасында жобаларын жүзеге асыруда

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жалағаш аyданының 200-ге жyық тұрғыны “Нәтижелi жұмыспен қамтy және жаппай кәсiпкерлiкті дамытyдың “Енбек” мемлекеттiк бағдарламасының арқасында жобаларын жүзеге асырған.

Жалағаш кентiнің тұрғыны Айгерiм Еpмаxан аталған бағдарлама аясында 555 мың теңгелiк грант қаражатына қол жеткізгендердің бірі.

Үйде отырып тапсырыс қабылдап, тәттілер пісіріп сататынмын. Қажет деген құралдарың болмағасын жұмысқа қолбайлау болушы еді. Енді қайтарымсыз берілген қаржыға кондитерлік өнімдер дайындауды жеңілдететін құралдар сатып алдым. Жобамның іске асуына мемлекеттік бағдарлама көмектесті. Қуанышымда шек жоқ. Қазір тапсырыстарды ойланбай қабылдап, үлгеріп дайындап беремін. Дүкендерге де сатуға қоямын. Кейде таптырыстар ауылдардан да түсіп жатады, – дей келе кәсіпкер келешекте арнайы кондитерлік өнім шығаратын цех ашқысы келетінін жасырмады.

Сонымен қатар, жалағаштық Назым Сейсеннің де жобасы “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге аспақ. Ол аудан орталығынан дизайн орталығын ашуды мақсат етіп отыр.

Дизайн орталығын ашуға көптен бері қаржы таппай жүр едім, мына «Еңбек» бағдарламасы жақсы болды. Жақында комиссия отырысы өтіп, комиссия мүшелері жобамды қолдады. 555 600 теңге қайтарымсыз қаржыға ие болдым. Соның арқасында керек-жарағымды сайлап алдым, – деді кент тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы