Жалақының өсуі – жауапкершілікті арттырады

11 Шілде 2019, 17:41
2358
Бөлісу:
Жалақының өсуі – жауапкершілікті арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы «AlmazMedical» ЖШС-ның №4 қалалық емханасының жоғары санатты жалпы тәжірибелі дәрігері Берік Тұрысбеков 1 маусымнан бастап жалақының көтерілуі бюджеттік сала қызметкерлерін қуанышқа бөлегенін айтты.

«Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарулдың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді Үкіметке тапсырған еді. Осыдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіруді осы жылдың 1 маусымынан бастауға жарлық шығарды. Бұл ең алдымен, медицина қызметкерлерінің өз ісіне деген сенімі мен жауапкершілігін арттырған еді», - деді жоғары санатты дәрігер.

Сондай-ақ, ол президенттің бұл жарлығы өңірде 11 мыңнан астам адамды қуанышқа бөлегенін айтты.

«Өткен айда жалақымызға қосылған үстмеақыны алып, бір марқайып қалдық. Жалпы менің білетінім, бүгінде облысымызда 54 аурухана мен 500-ден астам фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді екен. Президенттің тапсырмасымен 1 маусымнан бастап жалақының көбеюі менің әріптестерімнің жұмысына деген құлшынысын оятып, іскерлігін арттырғандай. Бүгінде бұл салада орта буын қызметкерлерімен дәрігерлерді қоса есептегенде 11 мыңнан астам адамның еңбекақысы жоғарылапты. Бұл расында қуантарлық жағдай», - дейді Берік Тұрысбеков.

Өзгелердің жаңалығы