Жалақыны кешіктіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартыңыздар – БҒМ

26 Ақпан 2020, 15:43
5232
Бөлісу:
Жалақыны кешіктіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартыңыздар – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор (https://zp.fvr.kz/) іске қосылғалы, бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын тексерген.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық кеңесінде айтты. Жиналыс ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомство басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.

Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер болды? Минитрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз, - деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға.

Өзгелердің жаңалығы