Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC-де өнер көрсетеді

14 Қаңтар 2020, 08:46
1935
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC-де өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды prosports.kz

Жалғас жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отырады. Қазіргі кезде келіссөздердің соңғы кезеңі өтуде, - деді ресейлік спорт журналисі Игорь Лазорин өзінің телеграм-каналында.

Егер америкалық промоушенмен келіссөздер сәтті өтетін болса, Жалғас UFC-дегі екінші қазақстандық болады. Бірінші қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов.




Өзгелердің жаңалығы