Жалғас Жұмағұлов UFC-те өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

12 Шілде 2020, 10:15
1796
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов UFC-те өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбу-Дабидегі Яс аралында UFC 251 турнирі өтіп жатыр деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов көптен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайва болды. 

"Сарбаздар аралында" өткен жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, бразилиялық спортшы жеңіске жетті.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген. Төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов ұтылды. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC турнирін сәтсіз бастады, кәсіби карьерасында төртінші рет жеңілді. Раулиан Пайва жиырмасыншы рет жеңіске жетті, оның UFC-тағы деңгейі— 2-2.

Өзгелердің жаңалығы