Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды

20 Қазан 2019, 11:44
2302
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жектен өткен Fight Nights Global 95 турнирінің басты айқасында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутинов (19-6) кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Айқас бес раундқа есептелген болатын. Екі елдің үздік спортшылары бес раунд бойы күш сынасты. Ақыры, төрешілердің бірыңғай шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан файтері жеңіл салмақтағы Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды.

Десе де, төрешілермен келіспеген Багаутинов командасымен бірге шыққан шешімге қарсы апелляцияға арызданбақ.


Өзгелердің жаңалығы