Жаһандық дағдарыс. Ұлыбританияда табытты жалға беретін қызмет түрі пайда болды
2 Мамыр, 16:32 619

Жаһандық дағдарыс. Ұлыбританияда табытты жалға беретін қызмет түрі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһандық дағдарыс бүкіл әлемнің қалтасын қағып жатқан сыңайлы. Ұлыбританияда табыттарды жалға беретін қызмет түрі пайда болды деп жазады ағылшындық Metro басылымы. 

Мұның себебі – табыттардың қымбаттығында болып отыр дейді мамандар. Ұлыбританияда табыт мыңдаған фунт стерлинг тұрады. 

Дағдарыс орын алуы себепті жерлеу агенттіктері оны жалға беруде. Ең арзан ағаш табыттар 450 фунт стерлинг, теңгеге шаққанда 251 мың теңге. Ал ең қымбат стандартты табыттар – 2650 фунт стерлингке дейін жетеді. Бұл дегеніміз 1,4 миллионнан теңгеден астам соманы құрайды.  

Британияда қазіргі таңда көптеген отбасы электр энергиясы мен жылуға төлейтін шығын көлемі артқандықтан жерлеу рәсіміне кететін ақшаны үнемдеуге көшкен. Жалға алған табыттарды жаназа шығару, тіпті, жерлеу кезінде қолдануға болады. Бірақ одан соң қайтыс болған адаммен бірге оны алып шығып, кремациялайды немесе қарапайым ағаш немесе картон жәшікке салып жерлейді. 

 Егер біз өзге оқиғалар үшін, мәселен, үйлену тойға заттарды жалға алып жүрген болсақ, жаназаға да затты жалға алудың еш сөкеттігі жоқ, - деп отыр жерлеу рәсімі агенттігінің негізін қалаушы София Кэмпбелл.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...