Жаһанданудан қорғанып, оқшауланудың болашағы жоқ – Мәулен Әшімбаев

30 Наурыз 2021, 10:30
1401
Бөлісу:
Жаһанданудан қорғанып, оқшауланудың болашағы жоқ – Мәулен Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат төрағасы Жаһандану дəуірінде ұлттық құндылықтарды дəріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында айтты.

Оның айтуынша, жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің маңызы арта түсті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажарып қалмау барлық мәдениеттер араласқан аласыпыран заманда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі деген еді.Расымен біз қазіргі таңда өнімдер мен капиталдар ғана емес, мәдениеттер, идеялар, ақпараттар еркін алмасатын кезеңдеміз.Мұндай байланыстар бір жағынан жаһандық ынытақтастыққа жол ашуда. Екінші жағынан әр түрлі ықпалдардың көбеюіне де әсерін тигізіп отырғаны мәлім. Мұның өзі біздің күрделі әрі қарама-қайшы әлемге аяқ басқанымыздың көрінісі, - деді ол.

Оның сөзінше,  қазір әлем жоғары қарқынмен дамуда. Мүлдем жаңа коммуникацилық инфрақұрылым пайда болды. Интернет пен әлеуметтік желілер қоғамдық пікірді қалыптастыратын негізгі факторға айналды.

Әлем бойынша әлеуметтік төрт миллиардқа жуық адам қолданады екен. Осындай ауқымды коммуникация жағдайында ақпараттардың алмасуы болатына заңдылық. Біз әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлшегіміз. Сондықтан жаһандану процесін жаңа шынайылық деп түсінегіміз абзал. Одан қорғанып оқшауланудың болашағы жоқ, - деді  Мәулен Әшімбаев. 

Сенат төрағасы сол себепті жаһанадану беретін жақсы игіліктерден құр қалмауымыз керек дегенді атап өтті.

 Сонымен қатар өзімізге пайдалы әлемдік үрдістерді төл мазмұнмен байытуды мақсат тұтуымыз керек. Ол өзгенім тозығын емес, озығын алып, оны ұлттық бояумен байты түсу деген сөз. Тағы бір ескеретін жайт жаһандану процесіне түрлі үрдістерге ілесу ғана емес, өзіміздің де озық қасиеттерімізді және жетістіктерімізді әлемге таныту мүмкіндігі деп қарауымыз керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы