Жағдайлар болады, жасырмаймын. Генерал-майор әскердегі жемқорлық туралы айтты

3 Мамыр 2022, 13:23
1240
Бөлісу:
Жағдайлар болады, жасырмаймын. Генерал-майор әскердегі жемқорлық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Бурамбаев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қарулы күштердің қатарына жылына 35 мың Отан қорғаушы әскер қатарына келеді. Олардың барығы Қарулы күштерге сенімсіздік танытады деп ойламаймын. Олар Отан алдындағы борышын өтеп кетеді. Жағдайлар болады,жасырмаймын. Біз де қоғамның адамдарымыз. Сіздермен бірдей тұрамыз, жұмыс істейміз. 70 мыңдық қаланың статистикасын қарасаңыз, онда да неше түрлі жағдай болады ғой, - деді Бурамбаев. 

Ол ата-аналарға әскери бөлімдерді барлық жағдай жасалғанын жеткізді. 

Жарақат алған жағдайдың өзінде Қорғаныс министрлігі өзінің тікелей бақылауына алады. Ата-аналардың барлығы әскерге баласын жібермей, сенімсіздік танытады деп айта алмаймыз, - деді ол.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер шақырылады. Әскери қызмет және Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың  парызы мен міндеті болып табылады. Алайда бозбаланың әскерден уақытша және тұрақты негізде босатыла алатын бірқатар жағдайлар бар («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес). Егер соңғысы азаматты әскери қызметтен толық босатуды болжаса, мерзімін кейінге қалдыру – бұл белгілі бір жағдайлар бойынша әскери қызметке шақыру мерзімін уақытша ауыстыру.

Өзгелердің жаңалығы