Жағдайдың ушыққанын күтпей, уақытылы ревакцинация жасау керек – Сағынтаев

24 Қараша 2021, 19:23
979
Бөлісу:
Жағдайдың ушыққанын күтпей, уақытылы ревакцинация жасау керек – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat live жобасы аясындағы тікелей эфирде айтты.

Бүгінде ревакцинация кампаниясы белсенді жүргізіліп жатыр. Сондықтан жағдайдың ушыққанын күтпей, уақытылы ревакцинация жасап, өзіңді-өзің қорғауың керек. Сондықтан алматылықтарды вакцина алуға және қайта вакцинациялауға шақырамын. Бұл өмірдің нормасына айналды. Біз ешқайда бұдан қашып кете алмаймыз, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Қала әкімі атағандай, 2 жылда әртүрлі қауесет те айтылғанын мысалға алды.

Күн шығып немесе күн суығанда жоғалады деп айтты. Бірақ вирус ешқайда жоғалмады. Мутацияланып, бізді сүйемелдеп келеді. Егер біз өзімізді қорғап үйренбесек, осылай жақындарымызды жоғалта береміз, - деді әкім.
Өзгелердің жаңалығы