Жағажай футболынан Қазақстан командасы Италияға есе жіберді

24 Шілде 2019, 09:11
2118
Бөлісу:
Жағажай футболынан Қазақстан командасы Италияға есе жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Мәскеуде өтіп жатқан Әлем чемпионаты 2019 1/8 финалында өнер көрсетті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Өкінішке қарай, біздің команда Италия құрамасынан 12:4 есебімен жеңіліп қалды. Отандық құрамада Баянбек Муралинов, Роман Богданов, Станислав Макагон и Асқар Ажикенов қарсылас қақпасына бірнеше рет гол соғуымен ерекшеленді.

Италия – Қазақстан – 12:4 (3:0, 1:4, 8:0)

Голдар: Симоне Маринай, Паоло Пальмачи - 3, Фабио Скиаччиа, Алессио Фрайнетти, Франческо Корозинити, Габриэлле Гори - 3, Дарио Рамачиотти, Джуниор Джозеф Джентилин – Баянбек Муралинов, Роман Богданов, Станислав Макагон, Аскар Ажикенов
Өзгелердің жаңалығы