Үшарал-Достық автожолы жабылды
20 Қараша 2021, 16:01 133

Үшарал-Достық автожолы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Алматы облысында 2021 жылғы 20 қараша күні сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолда көрудің нашарлауы) "Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының арасындағы ("Автодор НС" АБК реконструкциялау учаскесі) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...