Бас жаңалықтар
Жақып Асанов: Судьялар түсінікті тілде сөйлеу керек
01 Ақпан 2019, 12:49 1145

Жақып Асанов: Судьялар түсінікті тілде сөйлеу керек

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов судьялардан түсінікті тілде сөйлеуді талап етті.

«Біз сөйлеушілерге осыдан 10 күн бұрын ұсыныс айттық. Яғни біз сөз сөйлеудің жаңа форматын ұсындық. Отырыс үлкен аудаторияға көрсетіледі. Сондықтан құрғақ есеп пен цифрдан аулақ болу керек. Барлығына түсінікті тілде сөйлеу керек. Әсіресе, бізді онлайн режимде көріп, тыңдайтындар үшін», - деді ол 2018 жылды қорытындылауға арналған судьялардың кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар Жақып Асанов халықтың Жоғарғы сотқа сұрағы көп екенін атап өтті. Оның айтуынша, Еуро Одақ және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәуелсіз сарапшыларының бағалауы 2016-2017 жылдары шығарылған Жоғарғы соттың шешімдеріне қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлердің көңілі толмайтынын көрсеткен. Олардың пікірінше, шығарылған үкім әділетсіз екен.

«Бұл түсінікті. Жоғарғы сот инстанциясынан (халық – автор) көп нәрсені күтеді, әрі (шығарылған шешім – автор) өзекті де өртейді. Сондықтан біз қылмыстық, кассациялық, азаматтық және мамандандырылған соттардың алқа төрағаларына сөз сөйлеуге мүмкіндік беріп отырмыз», - деді ол.

 Осы орайда Жақып Асанов оларға нақты үш сұрақ қойылатынын жеткізді.

«Олар 3 сұраққа жауап беруі шарт. Бірінші, кассациялық сот алқасының төрағасы төменгі инстанция (сот) шығарған үкімнен қандай плюс пен минустарды көреді, өткен жылы шығарылған сот шешімдерінің әділеттілігіне қандай баға бересіз? Екінші, сіз төменгі инстанциялар (сот) шығарған шешімдердің сапасын көтеру үшін не істедіңіз? Үшінші, 2019 жылы халықтың соттарға сенім деңгейін арттыру үшін қандай ұсынысыңыз бар? Оны бізден Елбасы талап етіп отыр», - деді Жоғарғы сотының төрағасы.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Загрузка...